Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев айтты.
Бүгінде азаматтық авиация саласында министрлік тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өткен ол: «Өткен жылдың ішінде қазақстандық авиакомпаниялармен 5 млн. жолаушы тасымалданды. Ал республикалық әуежайлар 10 миллионға жуық адамға қызмет көрсетті», - деді.
Министрдің атап өтуінше, жоғарыда аталған көрсеткіштер 2012 жылмен салыстырғанда 9 пайызға өсім көрсеткен.
«2013 жылы азаматтық авиация саласының Қазақстан экономикасына қосқан үлесі 320 млрд. теңгені құрайды», - деді А.Жұмағалиев.