ТМД Статкомитетінің деректері бойынша Достастық елдерінде 2013 жылғы қаңтар-қарашада 2012 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда кейбір әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өсу қарқынының төмендеуі сақталды. Атап айтқанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 0,2 пайызға төмендеді (2012 жылғы қаңтар-қарашада 2% артқан), сондай-ақ негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1 пайызға (2012 жылы 8,2%), жүк тасымалдау көлемі (құбыр көлігінсіз) - 2,3 пайызға (2012 жылы 5,5%), бөлшек сауда айналымы - 5,4 пайызға (7,9%) артты.
15:11, 15 Қаңтар 2014
2013 жылғы қаңтар-қарашада ТМД бойынша кейбір көрсеткіштердің өсу қарқынының төмендеуі сақталды
АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-қарашадағы Достастық елдері бойынша кейбір әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері өсу қарқынының төмендеуі сақталды. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде хабарланды.