2013 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,2 пайызды құрады

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,2%-ға төмендеді, ал азық-түлік емес тауарларға 0,2%, ақылы қызметтерге 0,6%-ға өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Өткен айда республика бойынша орта есеппен бағаның төмендеуі картопқа 10,7%, жаңа жиналған көкөністерге - 8,4%, жаңадан жиналған жемістерге - 2,6%, қарақұмық жармаға - 0,9%, құмшекерге - 0,5%, күнбағыс майына 0,3%-ға тіркелді.

Бағаның өсуі жұмыртқаға 3,7%, күрішке - 2,2%, ұнтақ жармаға - 1,8%, шикі сүтке - 1,5%, сүзбеге - 1%, сұлы жарма, айранға - 0,8%-дан, арпа жармаға - 0,7%, шай, ет және құс етіне - 0,6%-дан, кондитерлік өнімдерге 0,3%-ға белгіленді.

«Бағалар қатты отынға 0,5%, газеттер және мерзімдік басылымдарға - 0,4%, киім және аяқкиімдерге - 0,3%, фармацевтикалық өнімдерге 0,2%-ға өсті. Дизель отыны - 0,3%, бензин 0,2%-ға қымбаттады», - делінген хабарламада.

Баға деңгейі білім беру қызметтеріне 4,1%, денсаулық сақтау - 3,1%, мейрамханалар мен қонақ үйлердің - 0,5%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтерге - 0,4%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтеріне 0,3%-ға жоғарылады, ал алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлік қызметтеріне 1,6%-ға төмендеді.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тұрғын үйді күтіп ұстауға - 0,8%, оны жалға беру 1,4%-ға өсті.