АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Республика экономикасында 2013 жылғы мамырда (бағалау бойынша) 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 21,1 мың адамға немесе 0,2 пайызға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,9 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 69,2%) құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.
2013 жылғы мамырда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 480,3 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2013 жылғы мамыр айының соңына 66,9 мың адам («Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына» қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7 пайызын құрады (2012 жылғы мамырда - 0,8 пайыз).
2013 жылғы мамырда бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,4 пайызын құрады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.