2013 жылғы маусымда сыртқы саудада өнімдерге бағаның төмендеуі белгіленді

АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы маусымда мамырмен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға - 2%, импортталатындарға - 0,9%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Экспорттық жеткізілімдерге бір айға бағаның сұйытылған пропанға - 8%, қара металдар илегіне - 7,7%, темір кендеріне - 6,3%, қорғасынға - 5,2%, ферроқорытпаларға - 2,3%, табиғи газға - 1,4%, мұнайға - 0,3%-ға төмендеуі, сондай-ақ оның пластмассадан жасалған бұйымдарға - 5%, хром кендеріне - 2,7%, мұнай өнімдеріне - 2,3%-ға жоғарылауы белгіленді. Баға мақтаға - 4,3%, жүнге - 0,6%, бидайға - 0,2%-ға төмендеді.

Импорттық түсімдерден макарон өнімдері - 6,6%, маргарин - 6,2%, кофе - 3,7%, күріш - 2%, өсімдік майы - 1,6%-ға арзандады. Темекі - 6,5%, шай - 3,3%, шұжық өнімдері - 2,6%, балық - 2,1%, қант - 1,3%, көкөністер - 0,8% қымбаттады.