2013 жылғы наурызда Қазақстанда 474,3 мың адам жұмыссыз болды

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - 2013 жылғы наурызда (бағалау бойынша) республика экономикасына 8,6 млн. адам еңбек етті.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен мәлім етті.

Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 76,3 мың адамға немесе 0,9%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,9 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 69,5%) құрады.

2013 жылғы наурызда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 474,3 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,3% құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2013 жылғы наурыз айының соңына 56,1 мың адам («Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,6%-ын құрады (2012ж. наурызда - 0,7%). 2013 жылғы наурызда бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,5%-ын құрады.