Нақты ақшалай табыстар 2,3%-ға өсті. 2013 жылғы сәуірде орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы қаласы және Маңғыстау облысы алдыңғы қатарда. Мұнда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,3 -1,8 есеге артық.
2013 жылғы сәуірде табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден 60,0%-дан 78,8%-ға дейін құрады. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Қарағанды және Алматы облыстарында белгіленді.
2013 жылғы сәуірде өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 3,9 есені құрады (2012 жылғы сәуірде - 3,9 есе).