2013 жылғы тамызда орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары алдыңғы қатарда, мұнда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,2-1,8 есеге артық.
- «Биылғы тамызда табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден 62,6 пайыздан 79,1 пайызға дейін құрады. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Астана қаласында және Маңғыстау облысында белгіленді», - делінген агенттік мәліметінде.
- 2013 жылғы тамызда өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 3,5 есені құрады (2012 жылғы тамызда - 3,7 есе).