2013 жылғы тамызда тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуі байқалды

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2013 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру бағалары 1 пайызға, оны алып сату 0,6 пайызға жоғарылады. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

«Жаңа тұрғын үйлерді сату және көркейтілмеген тұрғын үйлерді алып сату бағалары 0,3 пайыздан өсті», - делінген таратылған мәліметте.
Бұдан бөлек, 2013 жылғы қаңтар - тамыздағы тұрғын үйді сатып алу-сату келісімшарттарының саны 118 344-ті құрады.
2013 жылғы тамызда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген келісімдерінің саны 16 606 құрады және өткен аймен салыстырғанда 7,6 пайызға азайды. 2013 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үйді сатып алу - сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 19,0 пайызға өсті.