Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігінде өткен алқа мәжілісінде аталған ведомствоның жауапты хатшысы Болатбек Әбдірасылов мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, алқалы жиын барысында Мемлекте басшысының ағымдағы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланған болатын.
«Бұндағы ең маңыздысы - 12 жылдық мектептегі білім мазмұнын әзірлеу. Ал 2015 жылға қарай біз мәні жағынан айтарлықтай жаңа жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарды әзірлеуіміз керек», - дейді Б. Әбдірасылов. Оның пайымдауынша, 12 жылдық білім беруге көшірудің барысында жоғары сыныптарды профильдендіру аса маңызды міндет болып табылады. Бұл ретте профильді мектептерде 10 сыныпты бітіруші оқушылардың 60 пайызы білімін жалғастыратын болады. Осыған байланысты өңірлерде 160 тірек білім мектептерін құру құру жоспарланған. Бұл мектептер шағын жасақталған мектептердегі профильдендіру проблемасын шешетін болады. «Сонымен қатар, 2015 жылға дейін барлық өңірлерде республикалық бюджет есебінен 46 арнаулы профильді мектептер салынады. Ал Елбасы Жолдауына сәйкес, мектептердің 12 жылдық білім беруге толығымен көшуі 2020 жылға жоспарланған», - деді жауапты хатшы.