Сайттың жазуынша, 124-қабаттағы At the Top бақылау алаңына барушылардың саны 2012 жылмен салыстырғанда 13 пайызға артқан.
Келушілердің жартысынан көбі - туристер. Солардың ішінде Германия азаматтары 23 пайызды құрап отыр. Ал Ұлыбританияның азаматтары - 15 пайыз, Ресей мен Үндістан азаматтары - 11 пайыздан.
Бурдж Халифаның биіктігі 830 метр. Оның құрылысы 5 жылдан астам уақытқа созылып, 2010 жылы біткен болатын. Ғимаратта қонақ үй, мейрамхана, бақылау алаңдары және тұрғын жайлар бар.