2013 жылы британиялық мұражайға келген адамдардың саны рекордтық көрсеткішке жеткен

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен жылы британиялық мұражай 225 жылдық тарихында келушілердің саны жағынан ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Музейге келгендердің саны 6,7 млн адамға жеткен. Бұл туралы сейсенбі күні әлем тарихынан сыр шертетін көне жәдігерлер қойылған лондондық тарихи-археологиялық мұражай директоры Нил Макгрегор хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, күн сайын 33 мыңнан астам адам мұражай экспозицияларымен танысады.

2013 жылы 2 көрме халықтың ерекше қызығушылығын тудырды. Ол - Помпей мен Геркуланум атты Ежелгі Рим қалаларына және жапондық эротика өнеріне арналған көрмелер.

Британдық мұражайда наурыз-маусым айлары аралығында өтетін викингтерге арналған көрме көпшілікті қызықтырады деп күтілуде, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.