Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
«12 сәуір күні Халықаралық бокс қауымдастығы мен Қазақстанның Бокс федерациясы 2013 жылы Астанада ересектер арасында бокстан Әлем чемпионатын өткізу туралы келісімге қол қою рәсімін өткізеді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Рәсімге АИБА президенті Чинг-Куо Ву мен Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев қатысады.