2013 жылы инфляция 4,8 пайызды құрады

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылы экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде хабарланды.

«2013 жылы инфляция 4,8 пайызды құрады. Өткен жылы құрылыста баға 3,3 пайызға, көтерме саудада - 2,8 пайызға өсті, ал ауыл шаруашылығында - 7 пайызға, өнеркәсіпте - 0,5 пайызға төмендеді»,-делінген агенттік мәліметінде.

Атап айтқанда, тарифтер жүк көлігімен тасымалдауға 2,4 пайыз деңгейінде, заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық және курьерлік қызметтеріне 0,4 пайызға жоғарылады, сондай-ақ байланыс қызметтеріне - 5,8 пайызға төмендеген.