Ең көбі Сирияда азаматтық соғыс тақырыбында қалам тербеп, хабар таратқан - 29 журналист өлім құшты, келесі орында Иран (10) және Мысыр (6). Сонымен бірге, тілшілер үшін қауіпті елдер ретінде Пәкістан, Сомали, Үндістан, Бразилия, Филиппин мен Ресей аталды.
Ұзақ уақыт бірінші рет 2013 жылы бұл қара тізімге Мексика іліккен жоқ.
«Журналистерді қорғау комитеті» қосымша түрде жарияланған статистикалық тізімге қосылмаған 25 журналистің өлімінің жағдайын зерттеп жатыр.
Жалпы алғанда, 2013 жылы журналистердің өлімі 2012 жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмендеген.