2013 жылы Қазақстан азаматтығын алу үшін Комиссияға бір мыңға жуық адам өтініш білдірді - ҚР Мемлекеттік хатшысы

None
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Отырыста Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы 439 өтініш қаралды. Мемлекеттік хатшы 2013 жылы Қазақстан азаматтығын алу үшін Комиссияға бір мыңға жуық адам өтініш білдіргенін атап өтті.

Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды рәсімдеуді мемлекеттік қызметтер тізбесіне енгізу және осы қызметті электрондық форматқа көшіру жөніндегі Сыртқы істер министрлігінің жұмысы нәтижелерін талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия тиісті шешімдер мен ұсыныстар қабылдады.