2013 жылы ҚХР қалаларын орташа алғанда бір ай бойы түтін тұмшалады

None
None

АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен 2013 жылы Қытай қалалары орташа алғанда 29,9 күн бойы қалың түтін мен шаң-тозаңның астында қалды, бұл соңғы 52 жылдағы қала ауасының ластануының рекордты нәтижесін көрсетті, деп хабарлады Қытай метеоорталығынан.

Түтін елдің 25 провинциясындағы 100-ден астам ірі және орташа қалаларды басқан. Яғни, ҚХР-дың бүкіл аумағында ауа ластанды. 13 аумақтық құрылымда 2013 жылы ластанған деп танылды. Түтіннің жиналуы қала өмірінің күрделі мәселелерінің біріне айналды.

Қытайда ауаның ластануымен күресу үшін автокөліктер саны азайтылуда.