«Біз 2013 жылы Қытайда 500 мың тоннаға жуық мұнай өңдеуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, 2012 жылы толлинг шеңберінде Қытайдан Қазақстанға жоғары октанды бензиннің алғашқы 26 мың тоннасы жеткізілген», - деді министр. Қазіргі кезде Қазақстан - Қытай арасында тасымалданатын мұнай көлемін ұлғайту мәселесі қаралуда. Оны уақытша жұмыс істейтін мұнай құбыры арқылы шешу көзделіп отыр. Аталған құбыр 2015 жылға дейін жұмыс істейтін болады. «Бұнымен қоса, біз өзіміздегі 3 мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғыртып, іске қосатын боламыз. Осылайша, ішкі сұранысты толығымен өзіміз қамтамасыз етпекпіз»,-деді С. Мыңбаев.
16:44, 28 Қаңтар 2013
2013 жылы Қытайда 500 мың тонна Қазақстан мұнайын өңдеу жоспарланып отыр - С. Мыңбаев
АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылы Қытайда 500 мың тонна Қазақстан мұнайын өңдеу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісі барысында ведомство басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті.