2013 жылы Ресейдегі молшылыққа салық енгізіледі

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - 2013 жылы Ресейде молшылыққа салық енгізілуі мүмкін. Бұл туралы журналистерге РФ-ның Қаржы министрі Антон Силуанов мәлімдеді, деп хабарлайды РИА "Жаңалықтар".

Молшылық салығы тек жеке адамдарға шамадан тыс тұтынуға қатысты болады. Бұған зәулім үйлер, үлкен жер учаскелері, ұшақтар, яхталар және супер көліктерді сатып алу жатқызылады. Қаржы министрлігі тиісті заң жобасын әзірлеп жатыр.

"Автомобильдерге қатысты молшылық салығын біз көлік салығы арқылы төлететін шығармыз», - деді Силуанов.

Бұл ретте ведомство басшысы жылжымайтын мүлікке осындай салық енгізуден кедей азаматтар зиян шекпеуі керектігін атап өтті.