АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Қордың ірі компаниялар бойынша жинақталған таза кірісі биылғы 9 айда 517 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма мүшесі-Басқарушы директоры Нұрлан Рахметов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, екінші деңгейлі банктердің нәтижелерін есепке алмағанда, 2013 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған таза кіріс 607-610 млрд. теңге деңгейінде қалыптасады деп күтілуде.
Сонымен қатар Н. Рахметов 2014 жылы кіріс көлемі 741 млрд. теңге көлемінде қалыптасуы мүмкін екенін жеткізді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.