Компанияның жариялаған мәліметінде оның әлемдік автомобиль өндірісінің тарихында 10 миллионнан асатын көрсеткішке қол жеткізген бірден бір өндіруші екені айтылған.
Өндіріс көлемінің артуын әйгілі автоконцерн өзінің шетелдік кәсіпорындарында, атап айтқанда, Америкада, Еуропа мен Азия елдерінде автомобиль шығаруды ұлғайтуымен түсіндіреді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2013 жылы Toyota көлігінің дүние жүзіндегі сатылу деңгейі 2,4% артқан, бұл 9,98 млн автомобиль өз тұтынушыларын тапты деген сөз. Ресейде 36 мың Toyota машинасы сатылған, бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 22%-ға көп.