АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы ішкі өнім алдын ала мәліметтер бойынша 6 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2013 қаңтар-желтоқсанда 2012 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 105,2 пайызды құрады.
Сонымен қатар негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6052,9 миллиард теңгеге жетіп, бұл нақты көріністе 2012 жылға қарағанда 6,5 пайызға артық.
Ал инфляция деңгейі өткен жылы 4,8 пайыз деңгейінде қалыптасты.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.