«Ағымдағы маркетинг жылында шамамен 8-9 млн. тонна астық экспортқа шығаруға мүмкіндігіміз бар», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы шамамен 17 млн. тонна астық бастырылады. Бұдан бөлек еліміздің астық сақтау қоймаларында 4 млн. тоннадан астам өткен жылдан қалған дәнді дақыл бар. Сонымен қатар, С.Қасенов еліміздің Әзербайжан, Түркия, Иран және Орталық Азия елдеріне тұрақты астық экспорттайтындығын баса айтты.
«Бұдан бөлек Қытаймен астық жеткізу көлемін арттыру жөніндегі уағдаластығымыз бар және Қытай арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде де астық экспортын арттыра аламыз»,- деді комитет төрағасы.