2014-2016 жылдары жылу өнімділігі 100 Гкал/сағатты құрайтын 892 қазандыққа кешенді тексеру жүргізіледі

АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - 2014-2016 жылдары жылу өнімділігі 100 Гкал/сағатты құрайтын 892 қазандыққа кешенді тексеру жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.

«Қазақстан халқын жылу өнімділігі 100 Гкал/сағатқа дейінгі 5646 қазандық жылумен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жылумен жабдықтайтын нысандардың басым бөлігі 1970-1980 жылдары кезеңінде пайдалануға берілген және олардың пайдалану мерзімі өтіп кеткен», - деді ол.

Оның атап өтуінше, осы мәселелерді шешу үшін Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында әрі энергия тиімділігі және энергия үнемдеуді арттыру мәселелеріне назар аудару жөніндегі Мемлекет басшысының Жолдауын ескере отырып, Өңірлік даму министрлігі бірқатар жұмыстарды жүзеге асыруда.

«Атап айтқанда, 2014-2016 жылдар кезеңінде жылу өнімділігі 100 Гкал/сағатты құрайтын 892 қазандыққа кешенді тексеру жоспарланып отыр», - деді Қ. Өскенбаев.