2014-2018 жылдары инфляцияның жылдық деңгейі 6-8 пайыз дәлізінде болады - Е. Досаев

АСТАНА 28 тамыз. ҚазАқпарат - 2014-2018 жылдары инфляцияның жылдық деңгейі 6-8 пайыз дәлізінде болады. Бұл туралы бүгін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған Үкімет отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, өсімнің болжамды параметрлерін қамтамасыз ету үшін аталған мерзімде негізгі күш-жігер макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылыққа, жаңғырту мен әртараптандыру арқылы эконмиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негізделеді. Сонымен қатар бұл тұрғыда әлеуметтік жаңғыртуға, мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ халықаралық ықпалдастық пен өзара іс-қимылды дамыту секілді бағыттарға басымдық берілмек.