АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан велоспорт бойынша ірі халықаралық жарыстарды өткізуге дайындалып жатыр. Бұл туралы ҚР Велосипед спорты федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
2014 жылы елімізде шосседе және тректе веложарыстар бойынша Азия чемпионаты өтеді, ал 2015 жылы велотректе жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты ұйымдастырылмақ.
Осы тектес ірі халықаралық жарыстарға Қазақстанның иелік етуі тұрғысындағы шешім Велосипедшілердің халықаралық одағының 181-ші конгресінде қабылданды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.