Заң жобасында қарастырылғандай, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жалақының ең төменгі мөлшері 19 мың 966 теңге шамасында қаралып отыр. Сондай-ақ, келер жылдан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 9 мың 983 теңгені құрайды, ал зейнетақының ең төменгі мөлшері 20 мың 782 теңге шамасында көзделген.
Бұдан бөлек, заң жобасына сәйкес, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сонымен бірге айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш 1 мың 852 теңге шамасында нақтыланып отыр. Ал базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 19 мың 966 теңге болып бекітілген.