2014 жылдан бастап жыл сайын жалға берілетін 4500 пәтер салынады - С. Нокин

None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2014 жылдан бастап жыл сайын жалға берілетін 4500 пәтер салынады.

Парламентте  «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйі мен перспективалары» атты тақырыпта өткен парламенттік тыңдауда ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин осылай мәлім етті.

Агенттік төрағасының айтуынша, «Қолжетімді баспана» бағдарламасында кезекте тұрған азаматтар үшін жалға берілетін тұрғын үйдің көлемін өсіру көзделеді. «Соған орай, 2014 жылдан бастап жыл сайын 275 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл шамамен алғанда 4500 пәтер салынады деген сөз. Ал қазіргі күні бұл көрсеткіш 2-2,5 мың пәтерді ғана құрап отыр», - дейді С. Нокин.

Оның сөзіне қарағанда, бағдарламаның әлеуметтік маңызын ескере отырып, ағымдағы жылы бюджетті нақтылауда қаржыландыру көзі екі есеге ұлғайып, 10 млрд. теңгеден 20 млрд. теңгеге жеткен.