Бұл ретте, ЖКО салдарынан 2 126 қаза болғандардың ішінде 206-сы - кәмелетке толмағандар. Сонымен қатар апат салдарынан 21 207 адам жарақат алғандар ретінде тіркелді, соның арасында 3 939-ы кәмелетке толмағандар.
ЖКО-да ең көп қаза тапқандар саны Алматы (373), Оңтүстік Қазақстан (348), Жамбыл (180), Қарағанды (171), Шығыс Қазақстан облыстарында (133) және Алматы қаласында (164) тіркелді.
Өткен жылмен салыстырғанда ЖКО саны 13,4 пайызға, ондағы қаза болған адамдардың саны 15,2 пайызға төмендегенін атап өту қажет.