АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 9 айда Қазақстанға оралмандардың 3347 (6761 адам) отбасы келді. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарлады.
«Гендерлік құрамы бойынша: ер адамдар - 3438, әйелдер - 3323 адам, балалар - 1598 адам. Еңбекке жарамды жастағы азаматтар - 4768, зейнеткерлік жастағылар - 395 адам болып бөлінеді», - делінген ведомство мәліметінде.
Келген оралмандардың арасында 368 адам жоғары білімді, орта мамандандырылған білімі бар - 869 адам, жалпы орта білімді - 2592 адам бар.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.