Бұл туралы бүгін елордада ВNews порталында өткен он-лайн конференция барысында «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Бикеш Құрманғалиева айтты.
«Біздің алдыға қойып отырған міндетіміз Қазақстанда өндірілетін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар өнімдеріндегі және қызметтердегі қазақстандық қамту үлесін арттыру болып отыр», деді ол өз сөзінде.
Қазіргі таңда бұл саладағы қазақстандық қамту үлесі бар-жоғы 6 пайызды ғана құрайтындығын атап өткен басқарма төрағасы «әрине, бұл өте аз. Біздің болжамымызша, салалық бағдарламаға сәйкес бұл үлес 2014 жылдың соңына қарай 32 пайызға дейін ұлғаюы керек», деді.