деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында құрылыс индустриясы жеткілікті талқыланды. Соның негізінде республика өңірлерінде бірқатар нысандар жүзеге асатын болады. Осыған орай, 2014 жылға қарай еліміздегі құрылыс жұмыстарының 80 пайызы отандық материалдармен жабылатын болады деп жоспарлап отырмыз. Бұл бағытта республика өңірлерінде шыны-әйнек, құрылыс керамикасы, сондай-ақ құрылыс химиялар өндірісі қолға алынады», деді Ә. Исекешов.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде түркиялық компаниялар құрылыс индустриясын дамытуға қатысты, оның ішінде құрылыс материалдарын өндіруге байланысты жобаларға қызығушылық танытқан. Бұл бағыттағы инвестицияның басым бөлігі шетелдік тараппен жабылады деп жоспарлануда.