АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы сегіз айда Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 4,1 пайызды құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«Болжамды есептеу бойынша ағымдағы жылғы 8 сегіз айда ЖІӨ өсімі 104,1 пайызды құрады. Жеті айдағы кезеңмен салыстырғанда оның деңгейі 0,1 пайызға артты», - деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, өнеркәсіптік өнім көлемінің индексі 99,9 пайызды, ауыл шаруашылығы индексі 102,5 пайызды, құрылыста - 104,7 пайызды, саудада - 109,4 пайызды, сондай-ақ көлік саласында 107 пайызды құрады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.