2014 жылғы «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттар тізімі таяу күндері жарияланады
Оның атап өтуінше, бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Шетелде кадрларды тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтіп, аталған алқалы жиында 2014 жылға арналған басымдықты мамандықтардың тізбесі бекітілген.
«Басымдықты мамандықтар тізбесіне академиялық білім алу 99 мамандық енгізілген. Оның ішінде 35-і медицина, 35-і техника, ал 29-ы гуманитарлық салаға тиесілі. Сонымен қатар тізімге ғылыми-педагог, инженерлік-техникалық және медицина мамандарының тағылымдамадан өтуі үшін 178 мамандық енді. Аталған тізім мемлекеттік органдардың өтінімдері негізінде қалыптастырылды», - деді Ғ.Нығыметов.
Орталық президентінің атап өтуінше, республикалық комиссия түзген бұл тізім таяу күндері bolashak.gov.kz сайтында жария етілетін болады.