2014 жылғы Олимпиадада 5 мыңға жуық әртіс өнер көрсетеді

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Сочидегі Олимпиаданың мәдени бағдарламасына 5 мыңға жуық әртіс қатысады.

Оған Ресейдің 70 аймағынан өнер ұжымдары қатысады. Бұл туралы «Сочи-2014» ұйымдастыру комитетінен хабарлады.

Концерттер мен көрмелердің көбі тегін өтеді. Олар жабық ғимараттар мен ашық алаңдарда ұйымдастырылмақ. Ақы төленетін шаралардың билеттерін қаланың кассаларынан сатып алуға болады.