2014 жылғы сәуірде Қазақстандағы инфляция 0,6 пайызды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен айда азық-түлік тауарларына баға 1%, азық-түлік емес тауарларына 0,6%, ақылы қызметтерге - 0,2%-ға өсті.

«Өткен айда республика бойынша орташа баға өсімі картопқа 8,1%, құмшекерге - 6,3%, ірімшікке - 3,4%, жаңа жиналған жемістер және көкөністерге - 2,4%, күрішке - 2,2%, сүзбеге - 2%, қышқыл сүт өнімдеріне - 1,8%, сұлы жармаға - 1,7%, ұнға - 1,6%, сары майға - 1,5%, макарон өнімдеріне - 1,2%, балық және теңіз өнімдеріне, алкогольсіз сусындарға - 1,1%-дан, пастерленген сүтке - 0,8%, нанға, шұжық, ет өнімдеріне - 0,7%-дан белгіленді»,- делінген ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде.

Сонымен қатар бағаның төмендеуі жұмыртқаға 1%, сиыр етіне - 0,7%, күнбағыс майына - 0,6%, құс, қой етіне - 0,5%-дан тіркелді.

Белгілі болғандай, жуғыш және тазалағыш құралдар 1,3%, жеке пайдалануға арналған тауарлар - 1,1%, жиһаздар және үйге қажетті заттар - 1%, фармацевтикалық өнімдер - 0,9%, тұрғын жайларды жөндеуге арналған материалдар, киім және аяқ киім - 0,6%-дан қымбаттады.

Бағаның деңгейі мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне 2,1%, денсаулық сақтау қызметтеріне - 1,1%, жолаушылардың темір жол көлік қызметтеріне - 0,6%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының, мейрамханалар мен қонақ үйлердің қызметтеріне - 0,5%-дан жоғары болды. Сәлемдемелерді жіберу бойынша қызметтерге тарифтер 9,4%, ұялы байланыс қызметтеріне - 1,7%-ға төмендеді.