«Былтыр біз әкімшілік жазаға 83 мың шетел азаматын тарттық, олардың көбі Өзбекстан азаматтары. Өйткені, олар көбіне бес күн ішінде тіркелу туралы заңды бұзады, транзиттік жол жүру, уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істеу сияқты заңбұзушылықтар жасайды», - деп түсіндірді ол бүгін ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында. Айта кетейік, отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды. «Былтыр біз шетел азаматтарына жеке тұлғалардың жұмысын істеуге заң жүзінде рұқсат бердік, ал құрылыста немесе басқа да жерлерде заңды тұлғалардың жұмысын істеу заңсыз және біз ондайларды ұстасақ, жазаға тартамыз», - дейді С. Сайынов. Оның айтуынша, 1 қаңтардан бастап жаңа Әкімшілік кодекс бойынша көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматарына да, оларды шақырған тарапқа да 10 АЕК-тен бастап одан да жоғары айыппұлдар салынады.
14:35, 16 Ақпан 2015
2014 жылы 83 мың шетел азаматы ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды - ҚР ІІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 83 мың шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың басым бөлігі Өзбекстан азаматтары болып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің басшысы Серік Сайынов айтты.