Министрдің сөзіне қарағанда, биыл Ресей экономикасы өсімі 0,2 пайыз деңгейінде күтіледі. Ал маусымның ортасынан бастап әлемдік мұнай бағасының 25,8 пайызға, яғни барреліне 115,1 долларынан бүгінгі 85,4 долларға тұрақты төмендегені байқалған.
«Жалпы алғанда ағымдағы жылдың даму қорытындылары елдің экономикасына теріс ықпалын тигізіп отыр. Елдің сыртқы айналымы ағымдағы жылдың сегіз айында 9,1 пайызға, яғни 88,5 млрд. доллардан 80,4 млрд. долларға дейін төмендеді, оның ішінде импорт 14,7 пайызға азайды. Мұнай мен металдың әлемдік бағаларының төмендеуімен қатар, Ресейге экспорт та 20 пайызға төмендеді», - деді Е. Досаев.