«2013 жылы жемқорлықпен айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке 31 қызметкер тартылған болатын. Ал 2014 жылы 17 адам жазаға тартылды, бұл алдыңғы жылғымен салыстырғанда 45 пайызға азайды деген сөз. Дегенмен 17 адамның өзі көптік етеді. Егер де жемқорлықтың алдын алуға тиісті жұмыстар атқаратын болсақ, бұл көрсеткішті де азайтуға болады», - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, Министрлік қазіргі уақытта 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегия қабылдаған. Субсидиялау саласындағы жемқорлық әрекеттерді азайту мақсатында жаңа тетіктер әзірленіп, субсидиялауды мемлекеттік қызметтер реестріне енгізу қарастырылуда.