«Экономикалық тиімділік пен экологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында, сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындықты қамтамасыз ету үшін автобустар газ қондырғысымен жабдықталады. Осыған байланысты, қалада жаңа газ электр станциясы және бірқатар жанар-жағармай құю станциясы салынады. Автобустарды орналастыратын жаңа парк керек, оның орны белгіленді, құрылысы таяу арада басталады», - деді astana.kz сайтына Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рашид Аманжолов қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында.
Айта кетейік, ұзындығы 12 метрлік автобустардың 80 пайызы 110 орынға шақталған. Ал 20 пайызы 150 орындық болады.