Бұл туралы бүгін Өңірлік даму министрлігінде Астана қаласы мен оның маңындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға арналған кеңесте мәлім болды.
«Астана маңындағы жекеменшік қосалқы шаруашылықтарға, бау-бақша серіктестіктеріне, саяжайлық құрылыстарға ұсынылған жер учаскелеріне ревизия жүргізу жоспарланып отыр. Ал 2014 жылы Астана қаласы бойынша ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерге толық түгендеу жұмыстары жүзеге асатын болады. Оны өткізу үшін республикалық бюджеттен қажетті қаражаттар қарастырылып отыр», - деді Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Бауыржан Смағұлов.