АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алдағы жылы Астанада 10 мектеп ашылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, бұл салада 23 мың оқушы орны тапшы болып отыр. Биылғы оқу жылының өзінде Астанаға мектеп жасындағы 5 мыңға тарта бала келді.
«Ағымдағы жылы төрт мектеп пайдалануға берілді, ал 2014 жылы жапы білім беретін тағы 10 мектеп есігін ашады. Бұл 10 нысанның құрылысы жүріп жатыр және олар алдағы жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар 2014 жылы біз орта білімнің тағы 5 нысанының құрылысын бастамақпыз»,-деп түйді қала әкімі И. Тасмағамбетов.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.