Некесін қиған қыздардың орташа жасы - 18-25, ерлердің жасы - 24-33. Елордалық Әділет департаментінің АХАТ бөлімінің хабарлауынша, Астанада осы көрсеткіштің өсімінің оң динамикасы байқалады. 2013 жылы 9924 жұп шаңырақ көтерсе, 2014 жылы бұл көрсеткіш 10996 құрады, деп хабарлайды vechastana.kz. Қазіргі кезде жас отбасылардың арасында некеге отыруға электронды түрде өтініш беру жағдайлары артып отыр. Бұл көрсеткіш 310-нан 993 дейін үш есеге ұлғайды.
Айта кетейік, аталған кезеңде Астанада 3372 жұп ажырасқан.
- Астана қаласының АХАТ бөлімдері отбасы мәртебесін арттыруға және базалық отбасылық құндылықтарды нассихаттауға бағытталған жұмыстарды тұрақты жүргізеді, - дейді Әділет департаментінің АХАТ бөлімінің басшысы Гүлнар Сағындықова.
- Тоқсан сайын Отбасылық тәрбие институтымен бірге жастарға және некеге отыратын азаматтарға арналған «дөңгелек үстелдер», тренингтер өткізіліп, отбасылық қарым-қатынас психологиясы, бала тәрбиелеу және т.б. мәселелер талқыланады. Сонымен қатар, «Медиацияны дамыту орталығы ассоциациясы» ҚБ дағдарыстарды шешудің балама жолы ретінде медиацияны дамыту саласында ынтымақтастық орнату туралы меморандум жасалды.