2014 жылы Астанада 2 жаңа саябақ ашылып, алтауы қалпына келтіріледі

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - «Астана-Зеленстрой» АҚ Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп, 2014 жылы Астанада «Арай» паркінің жанында және жағалау маңында Желтоқсан 2 көшесінің бойында жаңа саябақтар ашуды көздеп отыр. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана әкімі аппаратының Өмірді қамту және инфрақұрылымды дамыту бөлімінен хабарлады.

Жаңа саябақта Қазақстандағы тұңғыш «жасыл субұрқақ» салынады. Су бетінде түрлі түсті жарықтандырылған мәңгі жасыл және жапырақты бұталар өсіп тұрғандай әсер жасалады. Сонымен қатар, балалар мен скейтбордқа арналған жеке алаңдар болады.

Айта кетейік, саябақ аумағындағы соқпақтар демалып жүрген адамдар бір-біріне кедергі жасамайтындай етіп жобаланады.

Жағалаудағы саябақта шағын концерт алаңы, субұрқақ пен гүлбақша орналасады.

Аталған іс-шаралар елоданы ерекше кейпке келтіруге және оның декоративтік жағдайын жақсартуға бағытталады.

2013 жылдың қорытындысы бойынша «Астана-Зеленстрой» АҚ елордада 14 279 ағаш пен бұта, 160,5 мың м² гүлбақшаларға 8,6 млн. дана гүл көшеттерін отырғызды.