2014 жылы Астанада шенеуніктерге қатысты жемқорлық бойынша 95 қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы Астанада лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-қимылдарына қатысты жемқорлық бойынша 95 қылмыстық іс қозғалды. Бұл жайында бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Дулат Әзбергенов мәлім етті.

«Егерде өткен жылы Астанада заңсыз іс-қимылдар фактісі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты 95 жемқорлық қылмыстық істер қозғалса, ал 2015 жылдың бір айында шенеуніктерге шағымданған азаматтардан 164 арыз түсті», - деді ол елорда әкімдігінде өткен мемлекеттік органдар көрсететін қызметтердің сапасы мәселесіне арналған семинар-кеңесте.

Департамент басшысы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы мәселесіне әрбір орган назар аударуы тиіс екенін атап өтті.