2014 жылы денсаулық сақтау саласындағы келесі қадам сақтандыру медицинасына өту болады - ҚР Үкімет басшысы

None
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Денсаулық сақтау саласындағы келесі қадам сақтандыру медицинасына өту болады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Павлодардағы өкпе ауруына қарсы диспансерде болған кезінде өткізген кеңесте айтты. Оған Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев те қатысты.

«Келесі қадам - сақтандыру медицинасына өту - медициналық қызметтердің рыногының бәсекелестігін дамытуға қарай жүру», - деді К.Мәсімов.

«Біз барлығы бюджеттен жабылатын ескі кеңестік медицинамен өмір сүрдік. Мұндай жүйенің болашағы жоқ. Қалай дегенде де, сау болған тиімді. Адам ішеді, темекі шегеді және қыдырады, одан кейін денсаулығы сыр берген кезде, дәрігерге келіп, маған дәрі бер, емде мені дейді. Адамдар өз денсаулығына ұқыпты болғаны шарт, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануы қажет, дұрыс тамақтану да басты шарт», - деп сөзін қорытындылады ҚР Үкімет басшысы.