Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында мәлім етті.
«Біз 2014 жылы барлық үш мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғыртамыз және мұнай өнімдерінің барлық секторы бойынша ішкі тұтынуды толығымен қамтамасыз етуге қол жеткіземіз», деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар ҚР Президенті өз Жолдауында әр аймақтағы әрбір инновациялық жоба мемлекеттік органдар тарапынан ғана емес, сонымен бірге қоғам тарапынан да ерекше бақылауға алынуы керектігін баса айтты.