Оның атап өтуінше, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына төнген қауіп-қатерге байланысты анықталған бұзушылықтарды жоюға дейін 46 өндіріс нысандарының, 107 бірлік жабдықтар мен механизмдердің жұмысы тоқтатылды және 1495 лауазымды тұлға қызметінен босатылды.
«2014 жылы мемлекеттік еңбек инспекторларының тексеруі барысында еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында анықталған бұзушылықтар бойынша 1659 нұсқама беріліп, 113 млн. теңгеге 1622 айыппұл салынды», - деп атап өтті Қазақстанның бас еңбек инспекторы.
Құқық қорғау оргадарына 1856 материал жіберіліп, оның ішінде 159-ы бойынша қылмыстық іс қозғалды.