2014 жылы футболдан өтетін әлем чемпионатына қатысушылар анықталды

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - 2014 жылы Бразилияда өтетін футболдан әлем чемпионатына қатысатын барлық 32 команда анықталды,

деп хабарлады РИА «Новости».

ХХ Мундиальдың финалдық кезеңіне Ресей, Бельгия, Хорватия, Италия, Германия, Голландия, Швейцария, Португалия, Босния және Герцеговина, Грекия, Англия, Испания, Франция, Бразилия, Аргентина, Колумбия, Чили, Эквадор, Уругвай, Нигерия, Кот-д'Ивуар, Камерун, Гана, Алжир, АҚШ, Коста-Рика, Гондурас, Мексика, Жапония, Оңтүстік Корея мен Австралия құрамалары қатысады.

Бразилиядағы чемпионат 2014 жылдың 12 маусымы мен 13 шілдесі аралығында өтеді.