Бүгін Ресей Президенті Владимир Путин «РФ-ның 2014 жылы «Сегіздік тобына» төрағалық етуіне дайындық туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметінен.
Құжатқа сәйкес «үлкен сегіздік» мемлекет басшыларының кездесуі аясындағы барлық шаралар Сочиде өтеді. Владимир Путин осы жарлықпен елдің G8-ге төрағалық етуін қамтамасыз етуі және оған дайындық бойынша ұйымдастыру комитетінің төрағасы қызметіне Президент әкімшілігінің басшысы Сергей Ивановты тағайындап, Мәскеу мэрі Сергей Собянинді бұл міндеттен босатты.